05
мамыр
2026
АШЫҚ САБАҚ: ВОЛЕЙБОЛ – ДОПТЫ БЕРУ, ҚАБЫЛДАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық апталығы аясында 10 «Ә» сыныбында «Волейбол. Допты беру, қабылдау әдіс-тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың дене дайындығын арттыру, волейбол спортына деген қызығушылығын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық мәдениетті қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спорттық тәртіптің жоғары үлгісін көрсетті.
Осындай ашық сабақтар оқушылардың физикалық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, олардың төзімділігін, жауапкершілігін және жеңіске деген ұмтылысын арттыруға зор ықпал етеді.





