РУХЫ БИІК ПАТРИОТ САРБАЗ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » РУХЫ БИІК ПАТРИОТ САРБАЗ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ
04
мамыр
2026

РУХЫ БИІК ПАТРИОТ САРБАЗ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Шымкент қаласында жас патриоттардың VII республикалық форумы 02.05.2026 жыл күні   ұйымдастырылып, ел болашағына бейжай қарамайтын жалынды жастардың басын қосты. Ауқымды іс-шараға 1000-ға жуық жасөспірім, әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, курсанттар мен мектеп оқушылары қатысып, өздерінің отансүйгіштік рухын айқын көрсетті.
Форум барысында салтанатты шеру, әскери оркестрдің әсерлі өнері, саптық дайындықтың үлгілі көрсетілімдері ұйымдастырылып, жас ұрпақтың тәртібі мен жауапкершілігі, рухани беріктігі ерекше байқалды. Бұл – тек шара емес, жас буынның елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сана-сезімін қалыптастыратын маңызды алаң болды.
Аталған іс-шара аясында Қазақстандық жас патриоттар академиясының 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп, ұйым қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл – жас буын үшін үлкен мәртебе әрі зор сенім.
Біз үшін ерекше мақтаныш – біздің лицей оқушыларының осы беделді академия қатарына қабылдануы. Халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанған дарынды шәкірттеріміз өздерінің тек білімде ғана емес, тәртіпте, төзімділікте, елжандылықта да биік деңгейде екенін дәлелдеді.
Рухы биік, жігері мықты жас патриоттар – тәуелсіз еліміздің сенімді қорғаны, жарқын болашағының кепілі. Осындай саналы, жауапты ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.
Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив