02
мамыр
2026
ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ БАЛАЛАРҒА БЕРЕТІН ПАЙДАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде Дене шынықтыру және АӘД апталығы аясында ашық сабақ өткізілді.
Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі Байдуйсенова Жадра Рахматуллаевна 4 «Б» сыныбымен «Ұлттық ойынның балаларға беретін пайдасы» тақырыбында мазмұнды әрі қызықты сабақ ұйымдастырды.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық ойындардың маңызын түсініп, олардың денсаулыққа, ептілікке, шапшаңдыққа және командалық жұмысқа тигізетін оң әсерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Әрбір тапсырма балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өздерінің спорттық қабілеттерін танытып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғынды.



