БІРЛІККЕ ТОЛЫ БОЯУЛАР ӘЛЕМІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » БІРЛІККЕ ТОЛЫ БОЯУЛАР ӘЛЕМІ
02
мамыр
2026

БІРЛІККЕ ТОЛЫ БОЯУЛАР ӘЛЕМІ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінінің педагог-психологтары Ә.Б.Бектаева мен Е.А.Пузанкова бастауыш сынып оқушылары арасында
🌈 «Бірлікке толы бояулар әлемі» атты
арт-терапиялық бормен сурет салу іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты — балаларға бірлік, достық, татулық құндылықтарын насихаттау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
👧👦 Оқушылар асфальт бетіне түрлі-түсті бояулармен өз қиялдарын бейнелеп, бірлік пен бейбіт өмірдің жарқын көрінісін көрсете білді. Әрбір суреттен мейірім, достық және шынайы балалық қуаныш сезілді.
🏆 Белсенділік танытып, ерекше шығармашылық жұмыстарымен көзге түскен оқушылар марапатталды.
Осындай игі шаралар балалардың жүрегіне жылы әсер қалдырып, олардың бір-біріне деген сыйластығын арттыра түсетіні сөзсіз 💛
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!
Бірлігіміз нығайып, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив