02
мамыр
2026
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АӘД АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 30 сәуір күні 5 «Ғ» сыныбында қазақтың ұлттық ойыны – “Тоғызқұмалақ “тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар тоғызқұмалақ ойынының ережелерімен танысып, өзара сайысқа түсіп, білімдерін көрсете білді. Сабақты өткізген: Ұ.Е.Арымбекова .
Аталған іс-шара Дене шынықтыру және АӘД апталығы аясында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.



