
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 20 сәуір күні «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, әр мамандықтың қоғамдағы рөлін ұғындыру және жеке қабілеттеріне сай бағыт-бағдар беру болды. Сабақ барысында оқушылар өз армандарымен бөлісіп, түрлі мамандықтар туралы пікір алмасты.
Аптаның дәйексөзі:«Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»
Осы қанатты сөз аясында білім алушыларға табысқа жетудің басты кепілі – үздіксіз ізденіс пен еңбек екені түсіндірілді.
Қауіпсіздік тақырыптары бойынша да маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
1–4 сыныптарда «Отбасылық құпия сөз» тақырыбы қарастырылып, балаларға бейтаныс адамдардан сақтану, ата-анамен келісілген құпия сөзді қолдану арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.
5–8 сынып оқушылары «Жүргізуші еңбегінің ерекшеліктері және оның негізгі міндеттері. Заманауи көлік – жоғары қауіптілік аймағы» тақырыбында жол қауіпсіздігі ережелерімен танысып, көлік құралдарының қауіптілік деңгейі туралы мағлұмат алды.
9–11 сыныптарда «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату» тақырыбы қозғалып, оқушылар достықтың құндылығы, сенім мен адалдықтың маңызы жөнінде ой бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болып, әр тақырып бойынша пайдалы ақпараттармен толықты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және рухани дамуына оң әсерін тигізеді.