17
сәуір
2026
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бастамасымен азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған офлайн оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар электронды мемлекеттік қызметтерді пайдалану, цифрлық қауіпсіздік негіздері және заманауи онлайн платформалармен жұмыс жасау жолдары туралы маңызды ақпарат алды.
Іс-шара ұстаздардың цифрлық дағдыларын жетілдіруге және күнделікті өмірде тиімді қолдануына үлкен мүмкіндік берді.





