16
сәуір
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Кітап және цифрлық әлем» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап пен цифрлық әлемнің өзара байланысын түсіндіру.
Іс-шара аясында оқушылар түрлі көркем және танымдық әдебиеттермен танысып, кітаптың қазіргі цифрлық замандағы маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, заманауи технологиялардың білім алу үдерісіндегі рөлі кеңінен талқыланды. Бұл танымдық іс-шара оқушылардың рухани-танымдық дамуына және оқу сауаттылығын арттыруға оң ықпал етті.




