Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламалық жоспарына сәйкес маңызды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
«Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет: саналы ұрпақ қалыптастыру жолы» тақырыбында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әль-Фараби аудандық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Ювеналды полиция тобының полиция капитаны Ж.Қ.Шахалақ және ІІ ауысым оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін нығайту болды.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары және жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықтық қауіптер туралы мазмұнды бейнероликтер көрсетілді. Көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты.
Полиция капитаны Ж.Қ.Шахалақ оқушыларға құқықтық жауапкершілік, тәртіп сақтау, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік және заң бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нақты өмірлік мысалдар келтірді.
Сонымен қатар, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы жаднамалар таратылып, күнделікті өмірде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Дөңгелек үстел – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы шешім қабылдауына және жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Мұндай іс-шаралар – өскелең ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, қоғамда заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.