Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ
09
сәуір
2026

Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ

Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде «90 жыл – 90 кездесу» жобасы аясында ерекше мазмұнға ие, тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Аталған шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және сәуір айындағы маңызды күндердің бірі – Дүниежүзілік денсаулық күнімен тұспа-тұс келіп, «Өмірге салауатты қадам» тақырыбымен үйлесім тапты.
👩‍⚕️ Кездесуге медицина саласында табысты еңбек етіп жүрген, лицейіміздің мақтаныш түлектері шақырылды:
Мухитдинова Дильбар Тойчиваевна – тәжірибелі врач-педиатр, 1973 жылғы түлек
Утегенова Анара Уалихановна – білікті врач-дерматовенеролог, 2003 жылғы түлек
Оналбаева Рита Талғатқызы – «Алинур» клиникасының участкелік қызмет бөлімінің меңгерушісі
👥 Кездесуге 10-сынып оқушылары қатысып, медицина саласының қыр-сырымен танысты. Қонақтар өздерінің мамандыққа келу жолы, кәсіби тәжірибесі, дәрігер мамандығының жауапкершілігі мен адам өміріндегі маңызы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
💬 Оқушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Әсіресе, болашақ мамандық таңдау, медицина саласына түсу талаптары, дәрігердің адам өміріндегі рөлі мен жауапкершілігі туралы сұрақтар жан-жақты талқыланды. Қонақтар шынайы өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, әр сұраққа нақты әрі пайдалы жауаптар берді.
🌿 Бұл кездесу оқушылар үшін тек ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінуге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қоғамға пайдалы азамат болуға бағытталған маңызды тәрбие алаңы болды.
🌟 Түлектердің жетістіктері – жас ұрпаққа үлкен үлгі. Осындай кездесулер арқылы оқушылардың бойында адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік және салауатты өмірге ұмтылыс сияқты құндылықтар қалыптасады.
🤝 Лицей мен түлек арасындағы байланыс – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив