«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚ
09
сәуір
2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚ

Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 ІТ лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта «Заң және тәртіп» жобасы аясында 2026 жылдың 07 сәуір күні маңызды әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
📚 Аталған жоба аясында құрылған арнайы сабақ кестесіне сәйкес, лицейіміздің 7-сынып оқушыларына қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Әділет кеңесшісі Ергешов Батыр Шақшанбайұлы «Құқықтық білім беру» тақырыбында тағылымды сабақ өткізді.
👥 Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың салдары, жауапкершілік түрлері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлар мысал ретінде қарастырылып, заң талаптарын сақтау маңыздылығы нақты дәлелдер арқылы жеткізілді.
💬 Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық тұрғыда маңызды ақпараттар алды. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, буллинг пен кибербуллинг, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
🌱 Бұл сабақтың басты құндылығы – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырумен қатар, олардың бойында жауапкершілік, әділдік, заңға құрмет және азаматтық сана сияқты маңызды қасиеттерді дамыту болып табылады.
✨ Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың құқықтық сауаты артып, қоғамда өз орнын таба алатын, заңды құрметтейтін саналы әрі адал азамат қалыптасуына негіз қаланады.
🤝 Лицейімізде құқықтық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив