ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
06
сәуір
2026

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

2026 жылдың 3 сәуір күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде Попечительский советтің №4 отырысы ұйымдастырылып, лицейдің оқу-тәрбие үдерісін дамытуға бағытталған маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Отырыстың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау және алдағы кезеңге нақты жоспарлар белгілеу болды.
🔹 Достижение школьников – басты назарда
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша лицей оқушыларының 2025–2026 оқу жылындағы жетістіктері сараланды. Оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардағы, ІТ жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы табыстары атап өтілді. Сонымен қатар спорттық, шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы белсенділіктері ерекше айтылып, бұл жетістіктер лицейдің сапалы білім беру жүйесінің айқын көрсеткіші екені көрсетілді.
🔹 Қорытынды аттестацияға жүйелі дайындық
Келесі мәселе аясында қорытынды аттестация мен жазғы сессияға дайындық барысы талқыланды. Оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар мен тестілеу жұмыстарының жоспары таныстырылып, білім сапасын әділ бағалау тетіктері түсіндірілді.
🔹 Әлеуметтік қолдау және қауіпсіз жазғы демалыс
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, ас мәзірінің сапасы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі назарға алынды. Сонымен қатар жазғы лагерьді ұйымдастыру мәселесі қаралып, балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы және тиімді демалысын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар ұсынылды.
🔹 Кәсіби бағдар – болашаққа бағыт
Оқушылардың мамандық таңдауына көмектесу мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстары таныстырылды. Арнайы тренингтер, тестілеулер, жоғары оқу орындарына экскурсиялар ұйымдастыру арқылы оқушыларға дұрыс бағыт беру жұмыстары жалғасатыны айтылды.
🔹 Қаржылық ашықтық – сенім кепілі
Лицейдің қаржылық жағдайы мен бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есеп беріліп, ата-аналар мен демеушілердің қолдауы атап өтілді. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету алдағы уақытта да басты назарда болатыны жеткізілді.
🔹 Инфрақұрылым және қосымша мүмкіндіктер
Әртүрлі мәселелер аясында мектеп инфрақұрылымын дамыту, қосымша сабақтар мен үйірмелерді кеңейту бойынша ұсыныстар қарастырылды.
📍 Қабылданған маңызды шешімдер: ✔️ Лучший оқушылар мен педагогтарды марапаттау
✔️ Қорытынды аттестацияны әділ әрі ашық өткізу
✔️ Жазғы лагерьде қауіпсіздік пен тиімді демалысты қамтамасыз ету
✔️ Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі жүргізу
✔️ Қаржылық есептің ашықтығын сақтау
✔️ Оқу процесін жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдау
✨ Попечительский совет отырысы – лицей мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты нығайтып, ортақ мақсатқа бағытталған тиімді алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
📢 Бірлесе атқарылған жұмыс – сапалы білім мен саналы ұрпақ кепілі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив