“ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
03
сәуір
2026

“ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында маңызды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.Қаламызда 2026 жылдың 01–10 сәуір аралығында өткізіліп жатқан ОПМ «Қауіпсіз мектеп», «Дроп» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Шымкент қалалық Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Оңғар Берік Арманұлының қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында құқық қорғау саласының тәжірибелі маманы жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірді. Атап айтқанда, буллинг пен кибербуллинг, интернет алаяқтық (дропперлік әрекеттер), бөтеннің мүлкін иемдену, қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің айырмашылықтары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Іс-шараның ерекшелігі – ашық диалог форматында өтуі болды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Бұл өз кезегінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етті.
Дөңгелек үстел барысында қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру – тек мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір оқушының ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді. Жастарға заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну және саналы азамат болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, қоғамда тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив