СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ
03
сәуір
2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде «Адал азамат біртұтас тәрбие» жоспарына сай жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын сіңіру мақсатында маңызды әрі тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын алу» тақырыбында лицейдің «Адал ұрпақ» клубының президенті Нурабдин Амина Бауыржанқызының ұйымдастыруымен оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ адал азамат болудың маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел ерекше форматта ұйымдастырылып, Қалалық «Адал ұрпақ» ассоциациясында өтілетін сабақтармен өзара байланыста жүргізілді. Бұл өз кезегінде оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне, азаматтық жауапкершілігін арттыруына ықпал етті.
Кездесу барысында түрлі пікірталастар, жағдаяттық тапсырмалар мен өмірлік мысалдар талқыланып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамытылды. Сонымен қатар, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстанудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Аталған іс-шара – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азамат тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Адалдық – әрбір азаматтың басты құндылығы. Сондықтан да мұндай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив