30
наурыз
2026
ТӘРБИЕ САҒАТЫ СӘУІР – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ АЯСЫНДА

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында бірқатар тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Кітап – сарқылмас бұлақ» тақырыбында танымдық сағат өткізіліп, оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?» тақырыбы қозғалып, балаларға сақтық шаралары мен дұрыс әрекет ету жолдары үйретілді.
«Кітап – сарқылмас бұлақ» тақырыбы жалғасын тауып, оқушылар кітап оқу мәдениеті мен білім алудағы рөлін тереңірек түсінді. Қауіпсіздік сабағында «Қауіпті челленждер» тақырыбы талқыланып, әлеуметтік желідегі қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Кітап – тәрбие құралы» тақырыбында мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылып, кітаптың тұлға қалыптастырудағы рөлі кеңінен насихатталды. Қауіпсіздік сабағында «Әрекетсіздік пен серіктестік үшін жауапкершілік» тақырыбы аясында құқықтық сауаттылықты арттыру, әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.




