28
наурыз
2026
«ҚАМҚОР »ЖОБАСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 2026 жылдың 27 наурыз күні «Қамқор» жобасы аясында «Бақытты жанұя» мекемесіне қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік, әлеуметтік белсенділік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеу және отбасылық тәрбие мен мектеп тәрбиесінің сабақтастығын нығайту болды.
Іс-шараны үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарына лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, аға тәлімгер Э.Ж. Султанбаева, педагог-ұйымдастырушы М.Б. Үсен және сынып оқушылары белсенді қатысып, жиналған көмекті мекеме өкілдеріне тапсырды.
Акция барысында білім алушылар әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін тәжірибе жүзінде сезініп, «бірлік бар жерде – тірлік бар» қағидасының өміршеңдігін көрсетті. Мұндай шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олардың бойында адамгершілік, ізгілік және патриоттық құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.
Қайырымдылық – ұлт тәрбиесінің өзегі. «Қамқор» жобасы аясындағы бұл игі іс – өскелең ұрпақтың жүрегіне жылулық сыйлап, қоғамдағы өзара қолд

