20-НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
27
наурыз
2026

20-НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Наурызнама онкүндігі аясында Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ұлттық спорт күніне орай іс-шара өткізілді.
Асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазақ күресі – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындары. Бұл ойындар ептілікке, күштілікке, тапқырлыққа және шыдамдылыққа үйретеді.
Ұлттық ойындар – халқымыздың рухани қазынасы, тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Осындай ойындар арқылы біз ұлттық құндылықтарды сақтап, оны келер ұрпаққа жеткіземіз.
 Лицей оқушылары асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және қазақша күрес секілді ұлттық ойындарға белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Әсіресе, асық ойыны мен күрес түрлері ерекше қызығушылық тудырып, қатысушылардың ептілігі мен күш-жігері айқын көрінді. Ұйымдастырған жетекшілер:Ш.Аширбаева,Б.Истыкулова, Ж.Байдусенова, У.Арымбекова. 
Іс-шараның мақсаты- ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив