ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА
19
наурыз
2026

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА

18.03.2026 жылы Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 ІТ лицейінде оқушылардың денсаулығын нығайту және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сағат 11:00-де акт залында Шымкент қаласы Әл_Фараби ауданы СЭББ-ның бас маманы Құдабай Гүлсезім Есенбайқызы және №1 қалалық емхананың дәрігер фтизиатры Бегимкулов Сабыр Тансыкович қатысуымен туберкулез ауруының алдын алу бойынша семинар өтті.
Семинар барысында маман оқушыларға туберкулез ауруының пайда болу себептері, жұғу жолдары, алғашқы белгілері мен оның алдын алу шаралары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, иммунитетті күшейту және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, аурудың алдын алу мәдениетін арттыру аясында бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерден нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Сыныптарда туберкулездің алдын алу бойынша диктант жазылды.
Осындай тағылымы мол кездесулер – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Лицей ұжымы алдағы уақытта да оқушылардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив