ЗАҢ МЕН ТӘРТІП » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
17
наурыз
2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейде  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында бірқатар тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Осы бағытта Шымкент қаласы Управления образованияның Әдістемелік орталығының хатына сәйкес лицейімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған тәрбиелік маңызы жоғары арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында оқушыларға «Кітап беттері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдері көрсетілді.
Фильмдердің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың өмірлік ұстанымын дұрыс қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жас буынға қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңызын түсіндіру болып табылады.
Көрсетілім барысында оқушылар фильм мазмұны арқылы бүгінгі қоғамда кездесетін түрлі құқықтық мәселелермен танысып, жасөспірімдердің заңды бұзу әрекеттерінің салдары қандай болатынын терең түсінді. Фильмдерде көтерілген тақырыптар жас буынға үлкен ой салды. Әсіресе, жастардың өмірінде дұрыс таңдау жасау, достық ортаны дұрыс қалыптастыру, ата-ана мен ұстаздың ақыл-кеңесін тыңдау секілді құндылықтардың маңыздылығы кеңінен көрсетілді.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтер оқушылармен пікір алмасып, фильм мазмұны бойынша талдау жүргізді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, құқықтық тәртіпті сақтау, қоғам заңдарын құрметтеу, өз болашағына жауапкершілікпен қарау керектігі туралы пікірлерін білдірді.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өмірлік көзқарасын қалыптастыруға, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосады. Сонымен қатар бұл іс-шара оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, заңды құрметтеуге және саналы азамат болып қалыптасуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Білім ордасында алдағы уақытта да жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив