“АНА ҮЙІ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНАН АЛҒЫС ХАТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “АНА ҮЙІ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНАН АЛҒЫС ХАТ
12
желтоқсан
2025

“АНА ҮЙІ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНАН АЛҒЫС ХАТ

«Ө. Жолдасбеков атындағы   №9 ІТ лицей»  білім ордасына «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының алғыс хаты табысталды. Бұл марапат – лицей ұжымының, волонтёр оқушылардың және тәрбие бағытындағы жетекші мамандардың қоғамға қосқан шынайы үлесінің айқын дәлелі.
Алғыс хатты лицей директоры Г.С.Абилдаева  арнайы
— ДТЖЖО Н. Р. Дусметоваға,
— аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаеваға,
— педагог-ұйымдастырушы М. Б. Үсенге
және белсенді волонтёр оқушыларға табыстады.
Олардың атқарған еңбегі — жай ғана қолдау емес, қиын жағдайда қалған аналар мен сәбилерге үміт сыйлайтын, өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін үлкен азаматтық қадам.
«Ана Үйі» қорының Шымкенттегі орталығы дәл осындай жанашыр, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ұжымдардың арқасында өз қызметін жалғастырып, көптеген отбасыларға жарық болашаққа жол аша алады.
Біздің лицей үшін бұл — зор құрмет және ортақ еңбектің нәтижесі.
Ізгілікке бағытталған әр әрекет — балаларымыздың жүрегіне адамгершіліктің, мейірімнің, жауапкершіліктің үлгісі болып қалыптасады.
Жақсылық көбейе берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив