12
желтоқсан
2025
“МЕН ОТАНЫМДЫ ҚОРҒАЙМЫН” АТТЫ ӘСКЕРИ- ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС
Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Мен Отанымды қорғаймын!» әскери-патриоттық сайысы өтті 
Бүгін лицейімізде Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі әскери-патриоттық спорттық сайыс жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында оқушылар АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу, оқжатар жинақтау, прес көтеру, 16 кг гир тасты көтеру, садақ ату сияқты тартысты кезеңдерде өз күшін сынады.
Сайыс оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, патриоттық рухын арттыруға бағытталды.

ЖЕҢІМПАЗДАР:
Барлық қатысқан командаларға алғыс білдіреміз! Бүгінгі сайыс жас сарбаздарымыздың бойындағы намыс пен жігерді айқын көрсетті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, аға лейтенант Б.С. Сәрсенбековке ерекше алғыс айтамыз!
Жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін рахмет! 





