МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН КҮН » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
10
желтоқсан
2025

МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН КҮН


Ө.Жолдасбеков атындағы N 9 IT лицейде 09.12.2025 жылы «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының  бастамасымен ,9Ғ сынып оқушылары ,сынып жетекшісі Бектаева Қарлығаш Басарқызының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы қарттар үйінде тағылымды кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты асыл қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ қоғамдағы қарттардың қадір-қасиетін насихаттау болды.
Оқушылар қарттарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Ән мен күй шырқалып, жүректен  жылы сөздер айтып, би биледі.Қарттар оқушылардың өнерін үлкен ықыласпен қабылдап, ақ баталарын берді.
Бұл кездесу ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырып, ұрпақ тәрбиесіндегі сабақтастықты күшейтуге зор ықпал етті, дей отырып сынып жетекшісі Бектаева Қарлығаш Басарқызына, ата -аналарына рақметіміз шексіз.
Іс-шара барысында қарттар мен оқушылар арасында жылы жүздесу орнап, тәрбиелік мәні зор еркін әңгіме өрбіді. Қарттар өз өмір жолдарынан сыр шертіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, адалдық пен еңбекқорлықтың маңызын түсіндірді.
Кездесу соңында қарттарға шағын сый-сияпаттар табысталып, Педагогикалық қолдау орталығының атынан алғыс сөздер айтылды. Қарттар үйінің әкімшілігі де көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдірді.
Аталған шара оқушылардың жүрегіне мейірім ұялатқан, ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы бірлікті нығайтқан тәрбиелік маңызы зор кездесу ретінде жоғары деңгейде өткізілді. ‎
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив