06
желтоқсан
2025
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
Лицейімізде Германия мен Австрияда білім алу мүмкіндіктері жайында танымдық кездесу өтті.
*Hamburg language school* өкілдері келіп, жоғары оқу орындарына түсу жолдары, тілдік курстар, қысқы турлар және халықаралық сертификат алу мүмкіндіктері туралы оқушыларға толық ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар шетелде білім алу тәртібімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандық таңдауына үлкен серпін береді.
Білімге жол ашық!



