06
желтоқсан
2025
“БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ” АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында оқушылар арасында танымдық-талқылау іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараны лицей кітапханашылар Сұлтанбекова М., Ергеш Д. және де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асилова Алима Түймехановна өткізді.
Шараның мақсаты – оқушыларға даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру, оның шығармаларындағы отансүйгіштік, ерлік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Талқылау барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы, шығармаларындағы негізгі идеялар мен кейіпкерлер туралы ой қозғап, әрқайсысы өз пікірі мен алған әсерлерін ортаға салды. Оқушылар тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен өсиеттерінен түйген ойларын бөлісіп, тарихи тұлғаларды танудың маңыздылығын түсінді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың рухани-адамгершілік қалыптасуына, дүниетанымының кеңеюіне және ойды еркін жеткізу дағдысының дамуына ықпал етеді.

