06
желтоқсан
2025
“ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ“ ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯ

Бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Жасөспірім және заң» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Әр бала назарда» жобасы аясында оқушылармен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті арттыру, жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық және заң талаптарын сақтау бойынша қажетті ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауатын дамытуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.


