ЖЕКЕ ГИГИЕНА ЖӘНЕ УРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ЖЕКЕ ГИГИЕНА ЖӘНЕ УРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
04
қазан
2025

ЖЕКЕ ГИГИЕНА ЖӘНЕ УРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ

        
      Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 10–11 сыныптың ұл балаларына арналған «Жеке гигиена және урологиялық аурулардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жиыны өтті.
Бұл кездесудің мақсаты – жасөспірімдерге жеке бас тазалығының маңыздылығын түсіндіру, ұл балалардың денсаулығын нығайтуға, зиянды әдеттерден сақтануға және урологиялық аурулардың алдын алуға бағыттау болды.
Жиын барысында лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Дусметова Н.Р., Жарықбасов А.Р., лицей медбикелері Лефентова Ольга, Алсейтова Ақмарал, сондай-ақ АПҚО жетекшілері Мошкалова Л.Д., Абенова Ж.А. жастарға мазмұнды дәрістер өткізіп, қажетті кеңестер берді.
🔹 Оқушылар гигиеналық мәдениетке қатысты маңызды ақпарат алып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың құндылығын түсінді.
🔹 Кездесу барысында ұл балалардың көкейдегі сауалдарына нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу болды.
Бұл шара – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив