ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТУДЕ
13–20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде жалпы ата-аналар жиналыстары өтеді, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жиналыстың тақырыбы – «Мектеп пен отбасы: парасатты, жауапты тұлға тәрбиелеудегі ынтымақтастық», бұл кездесу «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылуда. Басты мақсат – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, позитивті ата-аналық мәдениетін дамыту және адал, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеуде