Жетістіктеріміз - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» http://9.shymkent-mektebi.kz/ ru Жетістіктеріміз - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» DataLife Engine СҮЙІНШІ ! КЕЗЕКТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1593-sjnsh-kezekt-respublikaly-zhes.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1593-sjnsh-kezekt-respublikaly-zhes.html
Шәкіртіміздің биік белестерді бағындырып, білімімен даралануы — біз үшін үлкен мақтаныш!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына мектебіміздің мақтанышы Абибулла Зере қатысып, республика деңгейінде өз білімін дәлелдеп қайтты! ⭐
Зеренің экология мен табиғатты қорғау бағытындағы ізденісі, қоршаған ортаға деген жанашырлығы осындай жоғары деңгейде бағаланып, арнайы Сертификатпен марапатталды.
Осындай дарынды шәкіртті тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген білікті жетекшісі — Маханбетова Ару Кожантаевнаға ерекше алғыс айтамыз! 🤝💼 Төгілген еңбек пен қажырлы дайындықтың жемісі — бүгінгі жетістік.
Зере қызымызға алдағы уақытта да ғылым мен ізденіс жолында үлкен табыстар, жаңа белестер тілейміз! Қанатың талмай, биіктерге самғай бер, Зере! 
]]>

admin Tue, 09 Jun 2026 10:11:11 +0600
ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШЫ: ГОНКОНГ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛТЫН ЖЕҢІС http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1583-licej-matanyshy-gonkong-alasynday-altyn-zhes.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1583-licej-matanyshy-gonkong-alasynday-altyn-zhes.html
Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 11 «Ж» сынып оқушысы Максим Сажнев Гонконг қаласында өтіп жатқан дискіні қашықтыққа лақтыру спорт түрінен Қазақстан құрамасының қоржынына төрт күндік жарыс барысында алғашқы алтын медальді салды! 🥇🇰🇿
Лицей ұжымы Максимді осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл жеңіс – табанды еңбек пен қажырлы дайындықтың, жоғары жауапкершілік пен жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Максимнің жетістігі – тек өз отбасының ғана емес, бүкіл лицейіміздің және еліміздің мақтанышы.
Максимге алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Еліміздің көк туын биікте желбіретіп, биік шыңдарды бағындыра берсін!
Жеңіс құтты болсын! Біз сені мақтан тұтамыз! 

admin Wed, 03 Jun 2026 11:32:29 +0600
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕТІСТІК http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1574-azija-chempionatynday-tarihi-zhetstk.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1574-azija-chempionatynday-tarihi-zhetstk.html
Қытай Республикасының Hong Kong қаласында өткен Азия чемпионатында батуттық гимнастикадан жоғары шеберлік танытып, екі дүркін қола жүлдегер атанған 9 “Б” сынып оқушысы Тұрсын Еңлікті зор мақтанышпен күтіп алдық. 🇰🇿✨
Еңліктің бұл жетістігі — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, қажырлы дайындықтың жемісі. Жас спортшымыз халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, мектебіміздің мерейін үстем етті.
Осындай биік белестерді бағындырып жүрген Еңлікке алдағы жарыстарда да толағай табыстар, жаңа жеңістер мен жарқын болашақ тілейміз! Алар асуы биік, жеңістері көп болсын! 

admin Thu, 28 May 2026 10:08:56 +0600
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖҮЙРІК ОЙ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1572-zhetstkke-zhetelegen-zhjrk-oj.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1572-zhetstkke-zhetelegen-zhjrk-oj.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің математика пәні мұғалімі Абдувалиев Жамшид Фархатович Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Математикалық регата» олимпиадасының қалалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ұстазымыз математика пәніне деген жоғары қызығушылығы мен кәсіби біліктілігін танытып, логикалық ойлау мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арқылы үздіктер қатарынан көрінді.
Лицейіміздің абыройын асқақтатып жүрген әріптесімізге шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және алар асуларыңыз көп болсын деп тілейміз!

admin Thu, 28 May 2026 10:03:03 +0600
ЖАС ҰСТАЗ — ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1571-zhas-staz-licej-matanyshy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1571-zhas-staz-licej-matanyshy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің жас мұғалімдері де кәсіби байқауларда белсенділік танытып, өздерінің шығармашылығы мен біліктілігін дәлелдей білді.🥳
Атап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі Салман Мухаммед Шымкент қаласы бойынша өткен «Білім беру шебері» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, информатика пәнінен республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, республика бойынша жүлделі III орын иеленді.
Бұл — ұстаздың кәсіби ізденісі мен еңбегінің нәтижесі. Лицейіміздің білім сапасын арттыру жолындағы жас мамандарымызға шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

admin Thu, 28 May 2026 10:00:39 +0600
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1562-zhes-tyrynan-krngen-licej-oushylary.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1562-zhes-tyrynan-krngen-licej-oushylary.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары республикалық ұлттық мектеп лигасында 7-8 сыныптар арасында өткен шахмат спорт түрінен І орын иеленіп, Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғады.
Білім мен зияткерлікті ұштастырған шәкірттеріміз жоғары дайындық пен ерекше шеберліктің үлгісін көрсетті. Бұл жеңіс — лицейіміздің сапалы білім мен жан-жақты дамуға бағытталған еңбегінің жарқын нәтижесі.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

admin Tue, 26 May 2026 10:08:07 +0600
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ ЖЕТІСТІГІ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1560-ktap-oityn-lt-oua-shtar-rpa-zhetstg.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1560-ktap-oityn-lt-oua-shtar-rpa-zhetstg.html
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп – 10 сынып» номинациясы бойынша Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жобаға белсене қатысып, жоғары жетістік көрсеткені үшін 10 «В» сынып оқушысы Селимова Камила, 10 «Д» сынып оқушылары Абдул Фатах Амирсеит пен Одылов Яхехон марапатталды.
Жетекшісі: А.Ш.Кадирова
Жеңімпаздарға арнайы диплом және 400 000 теңгелік сертификат табысталды. 

admin Tue, 26 May 2026 10:03:28 +0600
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ- ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1549-zhas-zijatkerlerd-zharyn-zhetstg.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1549-zhas-zijatkerlerd-zharyn-zhetstg.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 10 «Ж» және 10 «Е» сынып командаларын «Zerdeli UBT» ұйымдастырған интеллектуалды квиздегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!🥳
Оқушылар өздерінің терең білімін, ұшқыр ойы мен мықты логикасын көрсетіп, турнирдің Гранд-финалына жолдама алды! 👏
Финалдық додада сәттілік пен жеңіс тілейміз! 

admin Tue, 12 May 2026 16:23:24 +0600
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ 🥊ЖАС БОКСШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ🏆 http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1538-ebeg-adal-zhas-ren-zhobasy-zhas-boksshyny-zharyn-zhetstg.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1538-ebeg-adal-zhas-ren-zhobasy-zhas-boksshyny-zharyn-zhetstg.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейіміздің мақтанышы 7 “Б” сынып оқушысы Сабитбек Нұртас Республикалық туринирде деңгейде өткен, Шымкент қаласының кубогына арналған бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы  +70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті💪🏻
Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі.
Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

admin Wed, 06 May 2026 17:06:38 +0600
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1506-ktap-oityn-lt-zhobasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1506-ktap-oityn-lt-zhobasy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6-10 сынып оқушылары «Кітап оқитын ұлт» жобасына белсене қатысып,жоғары нәтижелер көрсетті.
Жоба барысында оқушылар кітап оқу марафонына қатысып, өз білімдері мен белсенділіктерін дәлелдей білді. Нәтижесінде лицейіміздің 10-сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Оқушыларымыздың оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы еңбектері жоғары бағаланып, арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына оң ықпал етеді.
Оқушыларымызға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

admin Fri, 24 Apr 2026 10:54:44 +0600