Біз туралы - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» http://9.shymkent-mektebi.kz/ ru Біз туралы - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» DataLife Engine РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС ! http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1703-respublikaly-bajauday-zharyn-zhes-.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1703-respublikaly-bajauday-zharyn-zhes-.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицей ұжымы информатика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Ақтолқын Жарылқасынқызын «Үздік педагог – 2026» республикалық байқауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
🇰🇿 Еліміздің барлық өңірінен 1124 педагог қатысқан ауқымды байқауда Ақтолқын Жарылқасынқызы жоғары нәтиже көрсетіп, 35 балл жинап, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық еңбегі жоғары бағаланып, ол Қазақстан Республикасы Педагогтер қоғамының «Ы. Алтынсарин» қоғамдық наградасына ұсынылды.
✨ Бұл — ұстаз еңбегінің еленуі, кәсіби ізденістің және үздіксіз дамудың жарқын нәтижесі!
Құрметті Ақтолқын Жарылқасынқызы!
Сізді лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Әрбір жетістігіңіз жаңа белестерге бастасын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби толағай табыстар және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!
]]>

admin Tue, 06 Oct 2026 11:42:03 +0600
ЛИЦЕЙ ҰСТАЗЫНА-МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1700-licej-stazyna-merejl-marapat.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1700-licej-stazyna-merejl-marapat.html
Ұстаздар күніне орай лицейіміздің физика пәні мұғалімі Хальметов Кималь Рустамович Шымкент қалалық «Әділет» партиясы филиалының Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат педагогикалық еңбегі, кәсіби шеберлігі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы елеулі үлесі үшін табысталды. Алғыс хатқа партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов қол қойған.
Құрметті Кималь Рустамович!
Лицей ұжымы Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер және шәкірттеріңіздің толағай жетістіктерін тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! 

admin Tue, 06 Oct 2026 11:36:21 +0600
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1652-ata-analara-arnalan-psihologijaly-trening.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1652-ata-analara-arnalan-psihologijaly-trening.html
Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің» педагог-психологы Ж.Ә. Төлтай тарапынан ата-аналарға арналған «Баламды қаншалықты білемін?» атты шағын психологиялық тренинг өткізілді.
🌺 Кездесу барысында ата-аналарға балаға эмоционалдық қолдау көрсетудің, оның жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөлудің және баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Презентация арқылы ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған психологиялық кеңестер ұсынылды.
📝 Тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналарға «Баламды қаншалықты білемін?» сауалнамасы ұсынылды. Қатысушылар баласының қызығушылықтары, сүйікті істері, көңіл күйі, армандары мен жеке ерекшеліктері туралы ойланып, өз баласын қаншалықты жақсы білетініне назар аударды.
🫶Сонымен қатар, «Бала көзімен» жаттығуы арқылы әртүрлі жағдаяттар талқыланып, баланың көңіл күйін түсіну, оны сынамай тыңдау және қажет кезде қолдау көрсету жолдары қарастырылды.

admin Wed, 09 Sep 2026 23:22:59 +0600
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ll-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1649-azastan-respublikasyny-konstitucijasy-adal-azamat-adal-lt-adal-oam-alyptastyrudy-negz-tayrybynda-ll-auysym-ata-analar-zhinalysy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1649-azastan-respublikasyny-konstitucijasy-adal-azamat-adal-lt-adal-oam-alyptastyrudy-negz-tayrybynda-ll-auysym-ata-analar-zhinalysy.html
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2-ауысым ата-аналарының қатысуымен сағат 18:30-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, адал ұлт, адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес лицейішілік тәртіп ережелері, ата-аналармен жасалатын келісімшарт талаптары, мектеп формасын сақтау мәселелері қарастырылды. Білім алушылардың психоэмоционалдық денсаулығын сақтау, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, «ДосbolLike» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тиісті ақпараттар берілді.
Сондай-ақ құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау, қосымша сабақтарды ұйымдастыру, БЖБ және ТЖБ өткізу кестесі, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс қорытындысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау және білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар маңызды мәселелер сараланып, тиісті ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – сапалы білім мен саналы тәрбиенің берік негізі.

admin Wed, 09 Sep 2026 23:16:51 +0600
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: АДАЛ АЗАМАТ, АДАЛ ҰЛТ, АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА I-АУЫСЫМ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1648-azastan-respublikasyny-konstitucijasy-adal-azamat-adal-lt-adal-oam-alyptastyrudy-negz-tayrybynda-i-auysym-ata-analar-zhinalysy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1648-azastan-respublikasyny-konstitucijasy-adal-azamat-adal-lt-adal-oam-alyptastyrudy-negz-tayrybynda-i-auysym-ata-analar-zhinalysy.html
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 1-ауысым ата-аналарының қатысуымен сағат 18:30-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, адал ұлт, адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес лицейішілік тәртіп ережелері, ата-аналармен жасалатын келісімшарт талаптары, мектеп формасын сақтау мәселелері қарастырылды. Білім алушылардың психоэмоционалдық денсаулығын сақтау, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, «ДосbolLike» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тиісті ақпараттар берілді.
Сондай-ақ құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау, қосымша сабақтарды ұйымдастыру, БЖБ және ТЖБ өткізу кестесі, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс қорытындысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау және білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар маңызды мәселелер сараланып, тиісті ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – сапалы білім мен саналы тәрбиенің берік негізі.
]]>
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 1-ауысым ата-аналарының қатысуымен сағат 18:30-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, адал ұлт, адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес лицейішілік тәртіп ережелері, ата-аналармен жасалатын келісімшарт талаптары, мектеп формасын сақтау мәселелері қарастырылды. Білім алушылардың психоэмоционалдық денсаулығын сақтау, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, «ДосbolLike» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тиісті ақпараттар берілді.
Сондай-ақ құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау, қосымша сабақтарды ұйымдастыру, БЖБ және ТЖБ өткізу кестесі, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс қорытындысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау және білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар маңызды мәселелер сараланып, тиісті ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – сапалы білім мен саналы тәрбиенің берік негізі.
]]>
admin Wed, 09 Sep 2026 23:12:47 +0600
БАСТАУЫШ СЫНЫП КАФЕДРАСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1632-bastauysh-synyp-kafedrasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1632-bastauysh-synyp-kafedrasy.html
Ағымдағы жылдың 27 тамыз  күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде  2026–2027 оқу жылына арналған бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің алғашқы отырысы өтті. Отырыста жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер, оқу үдерісін ұйымдастыру, әдістемелік жұмыстар мен мұғалімдердің кәсіби дамуы талқыланды.
Отырыста мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Майлыбай Индира Оңғарбайқызы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына қойылатын талаптар мен алдағы жұмыстарға тоқталды. Бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары қарастырылып, мұғалімдерге тиісті міндеттер белгіленді.
Жаңа оқу жылының жұмыстарына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз!

admin Wed, 02 Sep 2026 16:53:10 +0600
“ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1630-zamanaui-sabaty-zhosparlaudy-erekshelkter-tayrybynda-dstemelk-seminar.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1630-zamanaui-sabaty-zhosparlaudy-erekshelkter-tayrybynda-dstemelk-seminar.html
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арнайы «Заманауи сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында заманауи сабақ құрылымы, тиімді жоспарлау жолдары және оқыту үдерісінде қолданылатын жаңа тәсілдер туралы құнды ақпараттар берілді.
Іс-шараның спикері — Шымкент қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Матаева Сауле Романовна. Тренер өз тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдерге практикалық бағытта пайдалы кеңестер ұсынды.
📚 Әдістемелік семинар — кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және сапалы білім беруге бағытталған маңызды қадам.

admin Fri, 28 Aug 2026 20:51:18 +0600
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1629-aza-tl-men-debiet-pn-malmderne-arnalan-dstemelk-seminar.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1629-aza-tl-men-debiet-pn-malmderne-arnalan-dstemelk-seminar.html
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арнайы ұйымдастырылған әдістемелік іс-шара өтті. Семинардың тақырыбы – «Заманауи сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері»
Семинарда спикер ретінде Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Қалшабек Абай Батырұлы сөз сөйледі.
Кездесу барысында заманауи білім беру стандарттары мен нұсқаулық-әдістемелік хат талаптары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын күнтізбелік-тақырыптық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктері талқыланды.
Сонымен қатар функционалдық сауаттылықты дамыту әдістеріне, оқытудың белсенді әдістерін сабаққа кіріктіруге және оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жобалауға ерекше назар аударылды.
Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті. Тақырыпты терең талдап, құнды әдістемелік ұсыныстар бергені үшін Қалшабек Абай Батырұлына алғыс білдіреміз. Ұсынылған әдістемелік кеңестер қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын бұдан да тиімді әрі қызықты өткізуге септігін тигізеді.

admin Fri, 28 Aug 2026 20:49:57 +0600
ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1628-zamanaui-sabaty-zhosparlau-sapaly-blmn-bastauy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1628-zamanaui-sabaty-zhosparlau-sapaly-blmn-bastauy.html
ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
2026 жылғы 26 тамыз күні Информатика және физика кафедрасында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған тағылымды тренинг өтті.
Тренингті Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Адырбаева Зина Ариповна жүргізіп, «Заманауи сабақты жоспарлау ерекшелігі» тақырыбында құнды тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында заманауи сабақ құрылымы, тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарына қол жеткізу жолдары және сабақ үдерісін жаңаша ұйымдастырудың тиімді тәсілдері талқыланды. Мұғалімдер тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, кәсіби қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырды.
Осындай мазмұнды кездесулер ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. 🌱
Кәсіби даму – сапалы сабақтың, ал сапалы сабақ – жарқын болашақтың негізі! 💫
Тренингті жоғары деңгейде ұйымдастырып, тәжірибесімен бөліскен Зина Ариповнаға алғысымызды білдіреміз!

admin Fri, 28 Aug 2026 20:48:37 +0600
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ШЫҢЫНДА — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ! http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1606-ltty-mektep-ligasyny-shyynda-shymkent-alasy-.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1606-ltty-mektep-ligasyny-shyynda-shymkent-alasy-.html
Кезекті дүбірлі додада Шымкент қаласының намысын қорғаған №9 IT лицейінің командасы Республикалық Ұлттық мектеп лигасында (ҰМЛ) ЧЕМПИОН атанды!
Бұл — тек мектептің ғана емес, бүкіл қаламыздың үлкен мақтанышы! Жастардың бойындағы спортқа деген құштарлық пен жеңіске деген талпыныстың жарқын көрінісі.
📋 Жеңістің басты кейіпкері:
Команданы осынау биік белеске жетелеген, шәкірттердің қанатын қатайтқан — дене шынықтыру пәнінің білікті мұғалімі, тәжірибелі жаттықтырушы Оңғарбаев Мұхтар!
Ұстаздың еңбегі мен спортшыларымыздың төккен тері ақталып, Шымкенттің абыройын асқақтатты.
🏆 Чемпиондарымызды және Оңғарбаев Мұхтар ағайды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестер мен жаңа жеңістер көп болсын! Шымкент — чемпиондар қаласы! 💪 Шәкірттеріміздің дені сау, болашағы жарқын болғай!

admin Wed, 26 Aug 2026 00:46:30 +0600