Іс-шаралар - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» http://9.shymkent-mektebi.kz/ ru Іс-шаралар - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» DataLife Engine «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫН ТАНЫСТЫРУ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1708-zhas-lan-jymyn-tanystyru.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1708-zhas-lan-jymyn-tanystyru.html
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 5–6 сынып оқушыларына «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қызметі таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға ұйымның мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары, сондай-ақ «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке қабылданудың маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде оқушыларға ұйымның қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ететіні түсіндірілді. 🇰🇿✨
📌 Түсіндіру жұмыстарын жүргізген:
ДТЖЖО – Н.Р. Дусметова
Аға тәлімгер – Э.Ж. Султанбаева
Жас ұландықтар – ел болашағы!
]]>

admin Wed, 07 Oct 2026 10:41:10 +0600
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚОРҒАУ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1707-mektep-parlament-sajlaualdy-badarlamalaryn-orau.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1707-mektep-parlament-sajlaualdy-badarlamalaryn-orau.html
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде Мектеп парламенті мүшелерінің сайлауалды бағдарламаларын қорғау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мектептің қоғамдық өмірін дамытуға бағытталған ұсыныстары мен жоспарларын ортаға салды. Үміткерлер өз ойларын еркін жеткізіп, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.Т. Асилова және Н.Р. Дусметова қатысты.
Сайлауалды бағдарламаларды қорғау жұмыстарын ұйымдастырған аға тәлімгер Э.Ж. Султанбаева оқушылардың белсенділігін арттыруға және мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды үйлестірді.
Мектеп парламенті – оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, көшбасшылық қасиеттерін және қоғамдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған маңызды өзін-өзі басқару ұйымы.

admin Wed, 07 Oct 2026 10:39:17 +0600
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1706-y-bzushylyty-aldyn-alu-orta-zhauapkershlk.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1706-y-bzushylyty-aldyn-alu-orta-zhauapkershlk.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ҚБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны Палжанов Сәбит Шабданович және Қожантаев Бағжан Шерханович қатысып, білім алушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық таныту, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
👮‍♂️ Полиция капитаны оқушыларға құқықтық нормаларды білу әр азамат үшін маңызды екенін айтып, кез келген әрекеттің белгілі бір жауапкершілігі болатынын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілімен ашық пікір алмасты.
Іс-шараны лицейдің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Р.Дусметова ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
⚖️ Мұндай профилактикалық кездесулердің басты құндылығы – оқушыға тек заң талаптарын түсіндірумен шектелмей, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өз құқығын білу, өзгенің құқығын құрметтеу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәдениетін дамыту.
Бала қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбиесі – мектеп, ата-ана, құқық қорғау органдары және қоғамның бірлескен жауапкершілігін талап ететін маңызды бағыт.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Заңды құрметтеу – өзгенің құқығын құрметтеу.
Жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі!

admin Wed, 07 Oct 2026 10:35:49 +0600
«ҰСТАЗ – ШӘКІРТ КӨЗІМЕН » СУРЕТ КӨРМЕСІ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1705-staz-shkrt-kzmen-suret-krmes.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1705-staz-shkrt-kzmen-suret-krmes.html
Ұстаз – баланың жүрегіне білім нәрін себетін, алғашқы қадамына бағыт беретін аяулы жан. Ал кішкентай шәкірттің ұстазына деген сүйіспеншілігі мен алғысы – ерекше әлем.
Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Ұстаз – шәкірт көзімен» сурет көрмесінде 1-сынып бүлдіршіндері өз ұстаздарын жүрек қалауымен бейнелеп, ақ параққа жылы сезімдерін түсірді. 
Әр суретте – бала қиялы, әр бояуда – ұстазға деген құрмет пен шынайы ықылас!
🌸 Ұстазға деген бала жүрегінің ең таза сезімі – осы суреттерде!

admin Wed, 07 Oct 2026 10:33:12 +0600
Ө. ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНІҢ 10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА! http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1704--zholdasbekov-atynday-9-it-licejn-1011-synyp-oushylaryna.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1704--zholdasbekov-atynday-9-it-licejn-1011-synyp-oushylaryna.html
🇰🇿 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІГІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗДАР! ✈️🌎
📅 Күні: 06.10.2026 ж.
👩‍💼 Кездесу Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің кәсіптік бағдар беруші маманы Сейілбек Асылзат Жазылбекқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
✈️ Кездесуде TOP Generation School ұсынатын 2026 жылғы халықаралық білім беру лагерлері туралы толық ақпарат беріледі.
🇺🇸 USA EDUCATION CAMP 2026
🎓 Harvard University, MIT, NYU, Rice University және басқа да жетекші университеттерге бару;
🚀 NASA білім беру бағдарламасына қатысу;
👨‍🏫 Америкалық менторлармен workshop-тарға қатысу;
🇺🇸 Ағылшын тілін халықаралық ортада тәжірибеде қолдану;
🌎 Халықаралық ортаға бейімделу және дүниетанымды кеңейту;
📚 Академиялық портфолионы толықтыру.
🇨🇳 ҚЫТАЙДАҒЫ ПРОФОРИЕНТАЦИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬ
🎓 Қытай университеттерімен танысу;
🏫 Университет кампустарына бару;
💼 Кәсіби бағдар беру бағдарламаларына қатысу;
🌏 Халықаралық ортада тәжірибе жинау;
✨ Жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге ие болу.
💡 Кездесу барысында бағдарламалар, қатысу шарттары, нақты күндер және бағасы туралы толық ақпарат беріледі.
📞 Айгерім: 8 707 450 5540
📞 Диана: 8 708 505 2723
📲 Instagram: Обучение за рубежом | Шымкент
⚡ Орын саны шектеулі!
🌟 Болашақ мамандық

admin Wed, 07 Oct 2026 10:30:05 +0600
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1702-mektep-parlament-sajlaualdy-tsndrme-zhmystary-zhrgzld.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1702-mektep-parlament-sajlaualdy-tsndrme-zhmystary-zhrgzld.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларын сайлау алдындағы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Сайлауалды түсіндірме жұмыстарын аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаева және М. Үсен жүргізді.
📌 Кездесу барысында білім алушыларға Мектеп Парламентінің мақсаты мен міндеттері, оқушылардың өзін-өзі басқарудағы рөлі, ұланбасы қызметінің жауапкершілігі, сайлау тәртібі және дауыс беру мәдениеті туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🗳️ Оқушыларға сайлау – өз пікірін білдірудің, таңдау жасау мен азаматтық жауапкершілікті сезінудің маңызды тетігі екені түсіндірілді. Әрбір білім алушының таңдауы мектеп өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
📣 САЙЛАУАЛДЫ АГИТАЦИЯНЫҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ХАБАРЛАНДЫ.
Белгіленген мерзімге сәйкес Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларына қатысты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылды.
Осыған байланысты барлық үміткерлерге сайлау талаптарын сақтау, сайлауалды үгіт жүргізуді тоқтату және белгіленген күні өз бағдарламаларын қорғауға дайындалу жөнінде түсіндірме берілді.
📅 07 қазан 2026 жыл – Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларын сайлау күні.
Бұл сайлау білім алушылардың мектеп өміріне белсенді араласуына, өз бастамаларын жүзеге асыруына және көшбасшылық қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік береді.
🤝 Мектеп Парламенті – оқушының пікірін тыңдайтын, бастамасын қолдайтын және жауапкершілікке тәрбиелейтін өзін-өзі басқару алаңы.
Сайлау арқылы білім алушылар:
🔹 өз таңдауын саналы түрде жасауды;
🔹 өз пікірін ашық білдіруді;
🔹 көшбасшыны бағалай білуді;
🔹 жауапкершілік алуды;
🔹 әділдік пен адалдық қағидаларын сақтауды;
🔹 ортақ шешім қабылдауға қатысуды үйренеді.

admin Tue, 06 Oct 2026 11:40:38 +0600
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1701-stazdar-kn-tty-bolsyn.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1701-stazdar-kn-tty-bolsyn.html
Ұстаз – жүрекке білім нұрын себетін, шәкіртке бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Ұстаздан алған білім – өмірге бастар алғашқы баспалдақ. 
Бастауыш сыныптарда «Ұстазым – білім бастауы» атты декаданың басталуына орай 1-сынып оқушылары өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жолдады. 
Бүлдіршіндердің бала жүрегінен шыққан ақ тілектері – ұстазға деген шынайы құрметтің белгісі. 
🌷 Құрметті ұстаздар!
Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз білімді де білікті, әр күніңіз қуаныш пен жетістікке толы болсын!

admin Tue, 06 Oct 2026 11:37:32 +0600
«ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ДУБЛЕР» КҮНІ ӨТТІ МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1699-ebeg-adal-zhas-ren-zhobasy-ajasynda-dubler-kn-tt-mektep-parlament.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1699-ebeg-adal-zhas-ren-zhobasy-ajasynda-dubler-kn-tt-mektep-parlament.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыру, білім алушыларды еңбекке баулу, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Дублер» күні ұйымдастырылды.
✨ «Дублер» күні – оқушылардың ұстаздық және басқарушылық қызметтің қыр-сырын сезініп, үлкен жауапкершілікті түсінуіне мүмкіндік беретін тәрбиелік маңызы зор іс-шара.
Бұл күні білім алушылар өздеріне бөлінген бағыттар бойынша мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің және мектеп әкімшілігінің қызметін белгілі бір деңгейде алмастырып, оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысты.
👩‍🏫 «Дублер» рөлін атқарған оқушылар сабақ өткізуге дайындалып, сыныппен жұмыс жүргізу, уақытты тиімді пайдалану, оқушылардың тәртібін бақылау, тапсырмаларды түсіндіру және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау тәжірибесін жинақтады.
🤝 Іс-шара барысында білім алушылар арасында өзара сыйластық, сенім, ынтымақтастық және жауапкершілік құндылықтары қалыптасты. Әрбір «дублер» өзіне жүктелген міндетті тиянақты орындауға, белгіленген тәртіпті сақтауға және өз әрекетінің нәтижесіне жауап беруге тырысты.
🌱 «Еңбегі адал жас өрен» жобасының негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адал еңбектің қадірін түсіндіру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, кез келген жетістік табандылық пен маңдай тердің нәтижесінде келетінін ұғындыру.
«Дублер» күні осы құндылықтарды тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар еңбек ету, жоспарлау, ұйымдастыру, шешім қабылдау, көпшілік алдында сөйлеу, өз ойын жеткізу және жауапкершілік алу дағдыларын дамытты.
💡 Сонымен қатар іс-шара білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін ашуға, мамандықтарға қызығушылығын арттыруға және болашақ кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етті. Өздерін мұғалім немесе ұйымдастырушы рөлінде сынап көрген оқушылар педагог мамандығының ерекшеліктерін тереңірек түсінді.
🇰🇿 «Адал азамат» тұжырымдамасындағы еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтары – жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуының маңызды негізі. Себебі өз міндетін адал атқаратын, еңбектенуден қашпайтын, өз шешіміне жауап бере алатын жас – ел дамуына үлес қоса алатын саналы азамат.
🌟 «Дублер» күні – бір күндік рөл ауыстыру ғана емес, оқушыға үлкен жауапкершілікті сезіндіретін, еңбектің қадірін ұғындыратын және болашаққа қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыратын маңызды тәрбиелік тәжірибе.
📚 Осы арқылы оқушылар ұстаз еңбегінің сырт көзге көрінбейтін қаншалықты үлкен дайындықты, төзімділікті, ізденісті және жауапкершілікті талап ететінін түсінді.
Іс-шара соңында білім алушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұғалім еңбегінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ұстаздар тарапынан да жас «дублерлердің» белсенділігі мен жауапкершілігіне оң баға берілді.
💐 Еңбекке құрмет – елге құрмет.
Жауапкершілік – азаматтықтың белгісі.
Адал еңбек – жарқын болашақтың негізі!

admin Tue, 06 Oct 2026 11:34:49 +0600
«ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС, ТУҒАН ЕЛДЕЙ ЕЛ БОЛМАС» http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1698-tuan-zherdej-zher-bolmas-tuan-eldej-el-bolmas.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1698-tuan-zherdej-zher-bolmas-tuan-eldej-el-bolmas.html
05–09 қазан 2026 жыл | 2-апта
Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын білім алушылардың бойына сіңіру мақсатында 2-аптаға арналған тәрбие және қауіпсіздік сабақтары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Аптаның негізгі дәйексөзі:
📝 «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
Бұл нақыл сөз жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, елін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, өз Отанының болашағына жауапкершілікпен қарауға бағыт береді.
📚 Сынып сағаттарында білім алушыларға қоғамдағы маңызды құндылықтар мен заманауи қауіпсіздік мәселелері түсіндірілуде.
👩‍🏫 «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбындағы сынып сағаттарында ұстаз еңбегінің маңызы, білім мен тәрбиенің адам өміріндегі орны, мұғалімге деген құрмет пен алғыс туралы ой қозғалды. Оқушылар ұстаз еңбегін бағалауға, білім алуға жауапкершілікпен қарауға, үлкенді сыйлауға және ізеттілік танытуға тәрбиеленді.
💻 Ал «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік ережелері», «Цифрлық ортадағы қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыптарында білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау, күмәнді ақпаратқа сенбеу, әлеуметтік желідегі жауапкершілік, цифрлық әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
🛡️ №6 қауіпсіздік сабақтары барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес күнделікті өмірдегі және цифрлық кеңістіктегі қауіптердің алдын алу жолдары түсіндірілді.
🔹 Бастауыш сынып оқушыларына:
— дүкенде және супермаркетте өзін дұрыс ұстау;
— интернет арқылы бейтаныс адамдармен танысудың қауіптілігі;
— виртуалды достықтың ерекшеліктері;
— интернеттегі жалған ақпарат пен фейктерден сақтану жолдары түсіндірілді.
🔹 5–8 сынып оқушылары үшін:
— қауіпті челлендждерден бас тарту;
— мазалаған ойлар мен мәселелерді ата-анамен бөлісу;
— интернеттегі қауіптерден қорғану;
— кибербуллингтің алдын алу және одан қорғану жолдары қарастырылды.
🔹 9–11 сыныптарда:
— фейк ақпарат пен шынайы деректі ажырату;
— ақпарат таратудың жауапкершілігі;
— жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапты пайдалану;
— төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
🌐 Цифрлық қауіпсіздік – бүгінгі жасөспірімнің маңызды дағдыларының бірі. Сондықтан оқушыларға кез келген ақпаратты бірден қабылдамай, оның дереккөзін тексеру, жеке мәліметтерді қорғау, бейтаныс сілтемелерді ашпау, күмәнді адамдармен қарым-қатынас жасамау және интернеттегі әр әрекеттің жауапкершілікпен жасалуы керектігі түсіндірілуде.
🤝 Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтары оқушыларды жауапкершілікке, сақтыққа, өзара құрметке, отбасымен ашық қарым-қатынас жасауға және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеуге бағытталған.
✨ Апта мазмұнының негізгі идеясы – білімді, қауіпсіздік ережелерін білетін, цифрлық ортада жауапты әрекет ететін, ұстазын құрметтейтін, туған жері мен елін қадірлейтін саналы ұрпақ қалыптастыру.
🇰🇿 Туған жерді сүю – оның тарихын, тілін, мәдениетін, табиғатын және елін құрметтеуден басталады. Ал жауапты азамат болу – әр адамның күнделікті ісінен көрінеді.
Бүгінгі білім алушы – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан әрбір тәрбие сағаты мен қауіпсіздік сабағы жас ұрпақтың бойында отаншылдық, бірлік, жауапкершілік, құрмет, адалдық және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.
📌 «Адал азамат» – ел болашағына жауапты ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі!

admin Tue, 06 Oct 2026 11:29:41 +0600
ЛИЦЕЙІШІЛІК ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ! http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1697-licejshlk-futbol-zharysy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1697-licejshlk-futbol-zharysy.html
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 5–6 сынып оқушылары арасында «Ұлттық лига» лицейішілік жарысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. ⚽️
Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін дамыту және командалық рухты қалыптастыру.
Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, спорттық шеберлігін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігері мен ұйымшылдығын танытып, белсенділікпен қатысты.
Аталған жарысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Укибаев Адил Кайратбекович ұйымдастырып, өткізді.
👏 Жарысқа белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!
⚽️ Спорт – денсаулық кепілі!
🏆 Жеңіске жетелейтін жол – еңбек, жігер және ұйымшылдық!

admin Tue, 06 Oct 2026 11:25:13 +0600