13
қыркүйек
2019
Жалпы ата-аналар жиналысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде 12.09.2019 жылы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралды: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" Жолдауын ата-аналарға түсіндіру, ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптарымен таныстыру), лицейішілік тәртібімен таныстыру, міндетті мектеп формасы туралы, діни экстремизмнің алдын алу, отбасылық құндылықтары насихаттау және т.б сұрақтар қаралды. Жиналысқа ОҚМУ жастар саясаты депатаментінің директоры С.А.Мажикбеков, қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Ж.Отыншиев, жалпы ата-аналар комитетінің комитеті С.Т.Омашева," Vivat lizeum-9" қоғамдық қорының төрағасы Б.Сеитов, психологиялық орталығы "Sear" Г.Э.Ахмедова, 1-11 сынып ата-аналар қатысты.